Таразда алаяқ әйел тұрғындарды 50 млн теңгеге алдап, сан соқтырды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Қамауда отырған әйел тараздықтарды 50 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz жазуынша, Тараз қаласының полиция басқармасына 57 жастағы ер адам жүгінген. Ол 2021 жылдың маусым айында өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырған әйел пәтер сатып алуға көмектесемін деп сеніміне кіріп, оның 1 850 000 теңгесін иемденіп кеткенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас 11 қылмыс жасағаны үшін облыс орталығының тергеу изоляторында қамауда отырған 46 жастағы әйелді анықтады.

Келтірілген залалдың жалпы көлемі шамамен 50 млн теңгені құрайды. Ұсталған әйел кінәсін толық мойындады. Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде  мүлкі тәркіленумен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды