Елордалық жігіт достарымен бәстесіп, биіктен сауда үйіндегі субұрқаққа секірді

Сурет: Instagram/police_nur_sultan
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша құқық бұзушы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны "Mega SilkWay" СОО-ның екінші қабатынан тура субұрқаққа секірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 жастағы бозбаланың достарымен бәстескені белгілі болды.

Сауда орталығына келушілер оқыс жайттың еріксіз куәсі болды. Оқиға бақылау камераларына түскен .

Жас жігітті СОО күзетшісі ұстап алып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушы "Есіл" ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша құқық бұзушы қамауға алынды.

Ұсталған азаматтың бұрын да ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғаны анықталды. Ол Алматы қаласының метросында музыканы қатты қосқан.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды