Түнде Алматыда өрт болды. Көпқабатты тұрғын үйден 120 адам эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жедел штаб құрылды

Алматыда түнде "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешенінің 120 тұрғыны ғимараттан эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 желтоқсанда сағат 23:58-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дабыл белгісімен Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үйге аттанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде - сағат 00:08-де "Алтын Бұлақ-2" ТК-ның алтыншы-жетінші қабаттарында, сондай-ақ 17-18 қабаттарында екі блок отқа оранғаны анықталды. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Баспалдақ бойын басқан қою түтіннің күшін төмендету үшін түтін соратын өрт сөндіру автомобильдері іске қосылды.

Өрт 01:10-да ауыздықталды.

Өртті сөндіруге 70-тен астам қызметкер, 18 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру техникасына жеке көліктердің кедергі келтіргеніне қарамастан, өрт сөндіру сатылары дер кезінде орналастырылды. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді