Алматыда қарақшылар тобы құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда қарақшылар тобы құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz сайтының мәліметінше, қылмыстық топтың 27 жастағы екі мүшесі де бұрын сотталған Түркістан облысының тумалары болып шықты.

Сот алды тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, күдіктілер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Үндістан азаматын тонап, лото клубқа қарақшылық шабуыл жасаған. Екі жағдайда да олар травматикалық тапанша пайдаланған. Шетел азаматының ұялы телефонымен біраз сомадағы ақшасын тартып алса, лото клуб кассасынан екі млн теңге көлемінде қаржыны қолды еткен. Қарақшылық шабуыл кезінде аталған мекеменің күзетшісі жараланған. Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов

Криминалдық полиция басқармасы хабарлағандай, арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілерді Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсірген.

Кейінірек белгілі болғандай, күдіктілер бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында орналасқан лото клубқа да шабуыл жасаған. Қазіргі таңда ұсталған екеудің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты