«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкенттегі филиалында былықтар анықталды

Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz
Монополияларды реттеу комитетінің атына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының іс-әрекетіне қатысты 4 азаматтан өтініш келіп түскен. Департамент осы өтініштердің негізінде, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізді.Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Департаменттің хабарлауынша, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, реттеліп көрсетілетін қызметке қоспағаны туралы анықталды, бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, Департамент «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның ШӨФ-на қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 (төрт) әкімшілік хаттама толтырды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама енгізді.Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты