Қазір құқық қорғау органдары 105 қылмыстық істі тергеуде. Сот санкциясымен 249 адам қамауға алынды. 2 мыңға жуық нысан зардап шекті. Бизнес ғимаратты қалпына келтіруге тезірек кірісу керек екенін түсінеміз. Сондықтан тергеушілер оларды тексеруге басымдық береді. Алдағы күндері біз барлық жұмыстарымызды аяқтаймыз.Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев
Алматы прокуроры оқиға орнынан көптеген дәлелдер, заттай айғақтар мен қылмыс іздері алынғанын хабарлады.
Мысалы, бандиттердің киімі, бейнежазбалар, қылмыс құралдары, соның ішінде 127 қару-жарақ алынды. Алынған бейнематериалдарды қылмысқа қатысушыларды анықтау үшін қолдандық. Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев
Оның сөзінше, прокурорлар қылмыстық процесстің барлық кезеңінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ Берік Жүйріктаев адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, құқық қорғау ұйымдарының өкілдерімен, адвокаттар алқасымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Прокурорлар Президент тапсырмасына сәйкес, ауыр қылмыстары жоқ адамдарға жазаны жеңілдету бойынша тиісті шаралар қабылдады. Жасалған құқық бұзушылықтарды лайықты бағалаймыз. Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, қала прокуратурасы 71 адамға әкімшілік жазаны жеңілдетті. Біз уақытша ұстау изоляторларынан 91 адамды босаттық. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев
Алматы прокуроры қалада терроризмге қарсы операция жалғасып жатқанын ескерте келе, азаматтардан комендаттық сағатты сақтауға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырды.