Тәліптер алғаш рет әйелдерді басшылық қызметке тағайындады

Сурет: pixabay
Тәліптер Ауғанстан билігін басып алғалы бері алғаш рет әйелдерді басшылық қызметке тағайындайтынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша доктор Малалай Рахым Кабулдағы "Малалай" мамандандырылған перзентханасының директоры болып тағайындалды. Бұл перзентхана — Ауғанстандағы жалғыз акушерлік-гинекологиялық мекеме.

Сонымен доктор Ариан Шахрар Ауғанстан елордасындағы гинекологиялық емхананың директоры болып тағайындалды.

"Известия" басылымының мәліметінше, қазіргі кезде Перзентхана мен гинекологиялық емханада ана өлімі мәселесі бойынша мәселелер бар.

ТАСС басылымының мәліметінше, тәліптер бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен көптеген кездесу өткізген. Сол кездесулерде әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуы туралы мәселе көтерілген еді.

Еске сала кетейік, Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатқан тәліптер әйелдер істері министрлігін жойған еді. Сонымен қатар қыздардың мектепке баруына шектеу қойды, тележүргізуші әйелдерге хиджаб киюді міндеттеді.

Өткен жылдың қазан айында Кабулда Ауғанстан әйелдерінің бір бөлігі құқығын сақтауды талап етіп, наразылыққа шықты. Тәліптер акция ұйымдастырушыларын тарату үшін күш қолданған.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады