Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz.
Павлодар облысында бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz
Павлодар облысы бойынша қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Әлсейітов О.Б.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Айта кету керек директормен бірге басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 баптың 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «ПМХЗ» ЖШС-нің дизельдік отынды өндіру процесін құрамдастыру жөніндегі функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.ҚР қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Әлсейітовке қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201 бабына сәйкес тергеу мүдделеріне қатысты басқа да мәліметтерді жария етуге болмайды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс