Бір миллион теңгені қателесіп аударып жіберген. Сот шешім шығарды

Сурет: Zakon.kz
Сот ерекше істің соңғы нүктесін қойды. Банк белгілі соманы Қызылорда тұрғынының пайдасына аударуға міндеттелді. Ол өзге біреудің картасына қателесіп ақша аударып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылдың қазан айында әйел құрбысының картасына 1 миллион теңге аудармақшы болады. Бірақ соңғы төрт санды қате енгізіп, қатты жаңылысқан, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ақша Қостанай облысындағы кенттердің бірінің тұрғынының шотына барып түскен. Онда да әйел ақшаның қайда кеткенін бірден анықтай алмай аласұрған, оған қоса банк соманың тең жартысын қарызын өтеу үшін ұстап қалады. Ал қалған жартысын адасып барған адамның өзі кері қайтарыпты. Банк еш ескертусіз ұстап қалған жарты миллион теңге үшін тараптар екі ай бойына соттасты. Әулиекөл аудандық сотының судьясы Әсел Ахметова банкке жетіспей тұрған 500 мың теңгені Қызылорда тұрғынына қайтару туралы үкім шығарды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды