Шымкентте жеке үйде газ баллоны жарылып, алты жасар қыз жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте газ баллоны жарылып, алты жасар бала мен анасы жарақат алды. Оқыс оқиға Шымкент шетіндегі Қайнарбұлақ саяжайында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірден гүрс етті де, терезелерден өрт шықты. Біз абдырап, көршімізге көмектесе де алмадық. Бәрі бірден жанып кетті. Зардап шегушінің көршісі Петр Сучков

Жарылыстан екі бөлмелі үйдің сау тамтығы қалмады. Қабырғалары қирап, шаңырағы ортасына түсті. Оқыс оқиға болған кезде баспананың ішінде үш адам болған екен. Қызыл жалын ішінде қалып қойған алты жасар балақайдың денесі 15 пайызы күйіп, ол ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал жеңіл жарақат алған 29 жастағы анасы емделуден бас тартыпты, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

Құжаттары түгел жанып кеткен отбасы уақытша паналайтын баспана іздеп кетті. Тұрғын үйдегі жарылысқа нақты не себеп болғаны тексеріліп жатыр.

Жалпы көлемі 56 шаршы метрлік тұрғкын үйде үй заттары мен құжаттары жанды. Газ баллонының шлангісінің ақауынан жинақталған газ ауада жарылған.  Тұрғын үйдің 28 шаршы метр қабырғасы қирады. Үй ішінен 50 литрлік төрт газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің бастығы Қуаныш Арсланов
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды