Екібастұздағы «Маугли балалардың» ата-анасы жазаланды

Сурет: pixabay
Сотта балалардың анасы оларға немқұрайлы қарап, қолайсыз жағдайда қалдырғаны, қамқорлық жасамағаны және сәбилерді өз деңгейінде емдемегені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалардың әкесі бір ғана баланың әкесі ретінде жазылған. Ол да балаларына қарамаған.

Павлодар облыстық сотының хабарлауынша, ерлі-зайыпты бәрі үшін өкініп отыр. Олар өз кінәсын мойындап, түзелуге уәде берді.

Сот оларға балаларды оқыту, құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 30 630 теңге айыппұл салды. Бірақ отбасының материалдық жағдайы мен алимент төлеу міндеттемесіне байланысты айыппұл мөлшері 30%-ға қысқарған. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар сот ювеналды полиция тобының инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде анықтаған заң бұзушылықтар үшін «Павлодар облысының полиция басқармасы» ММ басшылығына қатысты жеке ұйғарым шығарды.

Қазір 4 бала Павлодар қаласының емдеу мекемесінде жатыр. Отбасы бақылауға алынған. Сонымен бірге олар есепке алынады.

Еске сала кетейік, Екібастұздағы пәтерлердің бірінен еріктілер 2016, 2014, 2017 және 2018 жылы туған төрт баланы тапқан еді. Екібастұз қаласының әкімдігінің мәліметінше, балалардың анасы 1994 жылы туған. Ал балалардың әкесі жұмыс істемейді.

Cонымен қатар екібастұздық «Маугли» балалардың оқиғасы жарияланғаннан кейін екі қаланың әкіміне сөгіс жарияланды.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты