Жануарларды қорғау туралы заңда қандай тыйымдар бар

1 наурыздан бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңда жануарға қатыгездік деп жануардың өлуіне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін қасақана әрекетті айтады.

Жануарларды ұстау/асырау кезінде мына нәрселерге тыйым салынады:

Жануарларға қатыгездік жасағаны және соған шақырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

Мысалы, Қылмыстық кодекстің 316-бабында жануарға зиян келтіретін қатыгездік жасаған адамға 120 АЕК (367 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Қатыгездік нәтижесінде жануар өлсе, онда мұндай әрекет үшін 200 АЕК (612 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, бір жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып онсыз 50 тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамауға алу жазасы бар.

Қылмыстық әрекет белгілерінсіз жануарларға қатыгездік жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға 5 АЕК (15 315 теңге), лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Қайталанатын әрекеттер үшін айыппұл төрт есеге көбейеді.

Заң мынадай принциптерге негізделген:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: