СҚО-да жол-көлік апаты кезінде екі қар тазалаушы мерт болды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы жол-көлік апатынан екі адам қайтыс болып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, 28 ақпан күні күндізгі сағат 12-де Мальцево ауылының маңында тіркемелері бар МАЗ және Shacman көліктері соғылған. Өзара соғылған көліктер сол елді мекеннің маңында қар тазалау жұмыстарымен айналысып жүрген  «Петропавл жолдары» ЖШС жұмысшыларын қағып кетті.

Полицейлердің хабарлауынша, екі жұмысшы – Явленка ауылының 68 және 48 жастағы тұрғындары алған жарақат салдарынан оқиға орнында жан тәсілім еткен, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. СҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді