Қостанай облысында оқушылар мінген мектеп автобусы өртенді

Сурет: pixabay
Оқыс оқиға мектепке бара жатқан жолда орын алған. Түтіннің иісін сезген мұғалім балаларды автобус салонынан алып шықққан. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асенкритовка ауылының балалары көрші ауылға барып оқиды, оған автобуспен қатынайды, деп жазады "Алау" басылымы.

Бала саны көбейіп, орын жетіспеушілігі орын алғанда қатынап жүрген жаңа "ГАЗель" ескі автобусқа ауыстырылды.

3 наурызда мектепке барар жолда автобус өртенді. Мұғалім балаларды сыртқа алып шықты, балалар үйлеріне аман-есен оралды.

Оқушылардың ата-аналары, атап өткендей, автобус ескі, оған 39 жыл болған, ол жиі жөндеуге тұрып қалады, мұндайда балалар қашықтықтан оқуға мәжбүр.

Облыстық ТЖД мәліметінше, аудандық білім бөліміне тиесілі "ПАЗ" маркалы автобуста электр сымдарының тұйықталуы орын алған.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы