Бомба туралы хабар тарап, Бішкек әуежайы қоршауға алынды

Сурет: Instagram/airport.kg
Қырғызстан астанасындағы «Манас» әуежайы Ресейден ұшып келе жатқан ұшақта жарылғыш зат бар деген хабар тараған соң қоршауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жергілікті 24kg.ru порталы өз дереккөзіне сілтеме жасап жазды.

Расталмаған мәліметтер бойынша, жолаушы – Ресей азаматы. Ол экипажға қол жүгінде әскери снаряд бар екенін және Украина аумағында арнайы операция жүргізуге қарсы екенін айтқан.

Әуежайға қосымша құқық қорғау күштері, оның ішінде кинологтармен бірге саперлар да жетті.

Рейсті орындаған «Авиа Траффик» әуе компаниясы 24.kg агенттігіне Санкт-Петербург – Бішкек рейсінің бортында бомба қойылғаны туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді.

Айта кетейік, бүгін Санкт-Петербург – Бішкек бағыты бойынша ұшқан ұшақ бортындағылардың ешқайсысы бомба туралы хабарлаған жоқ. Дүрбелеңге негіз жоқ. «Авиа Траффик» баспасөз қызметі
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды