Павлодарда өртеніп жатқан үйден алты адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Өрт сағат 00:27-де сөндірілді. Болжам бойынша, өртке электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт 19 наурызда Гагарин 63/1 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Екінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтердегі қонақ бөлмесіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 8 шаршы метрді қамтыды.

Өрт сөндірушілер 1985 жылы туған пәтер иесін аман алып қалды. Ол пәтердің кіреберісінен табылды. Құтқарушылар оны ес-түссіз күйінде сыртқа шығарып, қолдан дем алдырды. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне зардап шеккен адамның жүрегіне жанама уқалау тәсілін қолдануға тура келген.

Сонан соң ол жану өнімдерінен жедел ингаляциялық улану диагнозымен бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Құтқарушылар сонымен қатар төрт адамды, оның ішінде екі баланы екінші қабаттың балконынан алып шықты. Сонымен қатар әйел адам құтқарылды. 11 адам өз бетімен эвакуацияланды, оның ішінде екеуі бала.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді