Белгісіз біреулер пышақтап кеткен такси жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтты

Сурет: Zakon.kz
12 наурыз күні такси жүргізіп, табыс тауып жүрген Аманбек кешке қарай Думан ықшамауданынан Алматы әуежайына қарай 3 адамды алып кеткен. Келіскен жерге жеткеннен кейін, әлгілер көліктен түсіп, Аманбекті сыртқа шақырып, өлтірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

almaty.tv сайтының жазуынша, барлық әрекетін жоспарлы түрде орындаған қаскөйлер Аманбекке 18 рет пышақ салған.

«Бауырым, артқы дөңгелегің жарылып қалыпты» деді. Ойымда ештеңе жоқ, көліктен түстім де, артына бардым. Еңкейіп қарадым. Дөңгелегім сап-сау. Басымды көтере бергенде бірден пышақпен ұрды. Ешқандай сөзсіз, ештеңе айтқан жоқ.Жәбірленуші Аманбек

Арам пиғылдарын көзден таса жерде іске асырмақ болған қарақшылар жүргізушінің қолын байлап көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Пышақты дайындап отырды. Ашығын айтқанда, бауыздамақ болды. Содан бір жерге тоқтады. Мені түсіріп, ал менің аяғым сезбей қалған, далада тастап кетті.Жәбірленуші Аманбек

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, ұлы қоқыстың арасынан табылған. Кейін ауруханаға жеткізіліп, Аманбекке 3 сағат ота жасалған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы