Кондитерлік өнім ішінен шыққан тышқанға қатысты СЭБД арнайы тексеру жүргізді

Facebook/Кенжегүл Тергембай
Нұр-Сұлтанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «UMC» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығында кондитерлік өнімнен тышқанның шыққанына байланысты аталған өнімді өндіруші мен жеткізушінің үстінен жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру цехы тиісті орындарға өзінің қызметін бастағаны туралы хабарламастан қызметін жүзеге асырғандығы анықталды. Санитариялық қағида талаптарының, оның ішінде тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процесі бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Департамент мамандары анықтаған заңсыздықтар бойынша кәсіпкерлік нысан Әкімшілік құқық бұзу кодексіндегі 425-баптың 1-бөлігі бойынша 352 245 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Ал кәсіпорынның қызметін бастағаны туралы хабарламағаны туралы материалдар Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 463-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа жіберіліп, санитариялық нұсқама берілген. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне өндірілетін өнімге сәйкестік туралы берілген декларацияның заңдылығын анықтау және оның күшін жою туралы мәселені қарау жөнінде хат жолданды. Департамент бизнес субъектілеріне аутсорсингтік компаниялар мен тамақ өнімдерін жеткізушілерді таңдауда мұқият болуды ұсынады. Нұр-Сұлтан қалалық СЭБД баспасөз қызметі

Құзырлы мекеменің хабарлауынша, қажет болса, объектіге барып, оның дұрыс санитарлық жағдайына көз жеткізген жөн. Бұл болашақта осындай жағдайларды және тамақтан улану қаупін болдырмауға көмектесетіндігі айтылады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды