Энергетика министрлігі жылу орталығында тағы орын алған апаттың себебін атады

Сурет: Instagram/dtp_sko
Қазіргі уақытқа желідегі температура мөлшері 45 С, кешке дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігі Петропавлдағы №2 жылу орталығында қазіргі жағдай бойынша мәліметпен бөлісті.

26 наурызда сағат 21.30-да Петропавлдағы №2 жылу орталығында қолайсыз температураның (-13 С) әсерінен ашық жылу контурының импульстік түтіктерінің қатып қалуы орын алды.

Себебі - 20 наурыздағы мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цехтың ауа қысымы өзгерген.

Орын алған жағдай үш қазандықтың жұмысының тоқтауына әкеліп соқты.

Қазіргі уақытта қатып қалған импульстік түтіктер қыздырылды, №2 жылу орталығындағы үш қазандық жұмыс істеп тұр, төртінші қазандықты іске қосу жұмыстары басталды, жақын арада бесінші қазандықтың да агрегаты іске қосылады. ҚР Энергетика министрлігі

Қазіргі уақытқа желідегі температура мөлшері 45 С, кешке дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

 

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі