Украина азаматтары үшін елімізден тағы бір гуманитарлық көмек жөнелтілді

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
28 наурызда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізетін арнайы рейс ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салмағы 17,5 тонна жүктің ішінде төсек-орын, азық-түлік сияқты ең қажет заттар бар.Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және гипертензияға қарсы препараттар түріндегі гуманитарлық көмек жіберген еді.

Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының Ил-76 ұшағы Украинадан Польшаға келген бірнеше ондаған Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін қазақстандық дипломаттардың көмегімен алып шығады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды