«Қазмедиа орталықтағы» апатқа байланысты телеарналар хабар таратуды тоқтатты

Сурет: Zakon.kz
"Қазмедиа орталықта" апат орын алды. Адамдарды эвакуациялау қажеттігі хабарланды. "Хабар" , 24kz, Qazaqstan, Balapan телеарналары хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, сағат 20:41-де Нұр-Cұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев көшесі, 4 үй мекен-жайына аттанды. Аталған мекен-жайдағы паркингтегі трансформатордан от шыққаны белгілі болды.

Эвакуациялау жұмысы дербес жүргізіліп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қалалық ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен үш техникасы жұмыс істеп жатыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, алдын ала деректер бойынша, қатты желдің салдарынан "Қазмедиа орталығы" ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су кірген. Жағдай анықталып жатыр, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін. Депоның қосалқы стансасында от тұтану орын алуына байланысты сағат 20: 15-те телерадиоарналар эфирден ажыратылды. Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылып, барлық персоналдарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. "Қазмедиа орталықтың" әкімшілігі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды