Қазақстанда бір тәулікте 372 адам құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 30 наурызда еліміздің Шымкент қаласын қоспағанда, барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарының құтқару бөлімшелері 372 адамды, соның ішінде 312 баланы құтқарып, эвакуациялады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен барлығы 539 адам мен 277 техника жұмылдырылған.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында 89 адам жылыту пункттеріне орналастырылса, соның 11-і бала.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жабық жол учаскелеріндегі халықты эвакуациялау үшін 40 уақытша жылу пункті әзірленді. Жол тазалау қызметтері қарды тазалап жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 111 жол учаскесі жабылды, оның 52-сі республикалық, 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бақылау бекеттерінде 1434 техника тұр: оның 946-сы жеңіл автокөлік, 482-сі жүк көлігі және 6 автобус.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында соққан қатты желдің салдарынан шатырлар ұшып, ағаштар құлады, кей жерлерде электр қуаты сөнді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысындағы төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам зардап шекті, оның үшеуі бала.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Алматы
Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты