Алматыда 78 атыс қаруы жасырылған орын табылды

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің мүшелерінен әскери арсенал тәркіленді. Іс-шараны Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның көмегімен полиция қызметкерлері жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Алматы қалалық полиция департаментіндегілердің мәлімдеуінше, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталып, қамауға алынды.

Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару жасыру орындарын ұйымдастыру деректері анықталды.

2 «Калашников» автоматы (АКС), «Макаров» және «ТТ» жүйелерінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ, әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 жауынгерлік және 4 жарық шулы граната, 4 пышақ, 2 портативті радиостанция, сондай-ақ әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жиде, таяқша және т.б. алынды.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, арсенал сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі анықталады.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: