Қытайдан 585 миллион теңгенің тауарын заңсыз әкелгендердің жолы кесілді

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі жалпы құны 585 миллион теңге болатын тауарды Қытайдан экономикалық контрабандалық жолмен әкелу дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық монитринг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Қытайдан халық тұтынатын тауарларды аса ірі көлемде экономикалық контрабандалық жолмен әкелу фактісін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 2-бөлігінде көзделген экономикалық контрабанда фактісі бойынша «TDA Companies Group» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, кәсіпорынның барлық операциялық жұмыстарын осы ЖШС директоры жүргізіп келген.

Қытайдан Еуразиялық кеден одағының кедендік аумағына заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы құны 585 млн теңгеден асып отыр.

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша бюджетке төленетін сома – 125 млн теңгеден асады. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сондай-ақ ҚМА баспасөз қызметі 31 наурызында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ЖШС директорына қатысты 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция бергенін атап өтті.

Қазір таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады