Қырғызстанда мәйіті табылған қазақ сарбазы: ҰҚК мәлімдеме жасады

Сурет: Instagram.com/gulmir_ktk
2022 жылғы 10 сәуірде жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішовты іздеу барысында оның мәйіті табылды. Тексеру барысында зорлық-зомбылық әрекеті белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағын қамтыған, оның ішінде Бердишовтың келген туыстарымен бірлесе үздіксіз іздеу іс-шараларының елеулі кешені іске асырылды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мемлекеттік шекараны ықтимал кесіп өтуін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосы хабардар етілді. 9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім үлгісінің элементтері табылғаны туралы хабарлады.

10 сәуірде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын қарау үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Ұ. Бердішовтың мәйіті табылды. Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.

Алдын ала диагнозы: механикалық асфиксия, зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 11 сәуірде Шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды