Анасының ұялы телефонын ұрлап, 1,5 млн теңге онлайн несие алған ер адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының 28 жастағы тұрғыны анасынан ұрлаған ұялы телефон арқылы 1,5 миллион теңге онлайн несие рәсімдеген. Тексеру кезінде жігіттің бұған дейін де бірнеше рет үшінші тұлғаның атынан несие рәсімдегені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, биылғы 6 сәуірде оның 28 жастағы Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткенін хабарлаған.

Полицейлер күдіктіні жалдамалы пәтерде ұстады. Айғақ зат, яғни Samsung ұялы телефоны тәркіленді.Ақмола облысы полиция депаратаментінің баспасөз қызметі

Тексеру кезінде жігіттің құмар ойынға салынғаны анықталды, несиеге алған ақшасын сол күні ұтқызып жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, қарызға белшесінен батқан ол бұған дейін де бірнеше рет үшніші тұлғаның атынан несие рәсімдеген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Ақмола облысы полиция депаратаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі