Өзін «Антикордың» қызметкерімін деп таныстырған мас шенді жұмыстан қуылды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында әкімдік жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес мас күйінде рөлге отырып, полицияға өзін "Антикор" қызметкері ретінде таныстырған Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарына қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңес отырысында келтірілген мәліметтерге сәйкес, 5 наурызда рейд кезінде полиция қызметкерлері қызметтік көлікті тоқтатқан, оның рөлінде Қостанай облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Кенжалы болған.

Мемлекеттік қызметкер құжаттарының жанында жоқтығын айтып, өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырады. Бұдан кейін медициналық куәландыру кезінде жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті

Осыған байланысты 7 сәуірде полиция басқармасы оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Шыңғыс Кенжалыны қызметінен босату туралы ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді, делінген департамент хабарламасында.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды