Қазақстанда үш айда жалған ақша жасау бойынша 12 факті тіркелді

Сурет: pixabay
Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерімен бірінші тоқсанда жалған ақша жасаудың 12 фактісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 7 жағдай, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында екіден, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір факті анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, жалпы құны 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200-ден астам жалған банкноттардың сатылу жолы кесілген.

Нұр-Сұлтанда жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллары болатын 1114 жалған 50 долларлық банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесінде іс сотқа жіберілді.Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және валютаны ауыстыру кезінде қолданыстағы заңнаманын нормаларына сәйкес тек екінші деңгейлі банктерге немесе ресми айырбастау пунктеріне жүгінуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі