Рудныйда студенттердің жаппай улануы бойынша тергеу басталды

Сурет: Zakon.kz
20 сәуірде Рудный колледждерінің бірінде студенттер жаппай уланды – бірінші курстың 72 студенті жүрек айну мен құсу бойынша шағымданды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттері жергілікті асханада уланып қалды. Он адам ауруханаға жатқызылды.

Студенттердің жаппай шағым түсірді. Көбінің улану деңгейі жеңіл және орташа. Көбі амбулаториялық ем алып жатыр. Асқазанын шайып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне шығардық, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қостанай облысының полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Санитарлық ережелерді немесе гигиена нормаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады