Павлодар облысында полиция генерал-майорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Сурет: Zakon.kz
Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты (Қылмыстық кодекстің 366-бап, 4-бөлігі бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Осы факті бойынша оның әрекеті сырттай сарапқа салынып, тергеу соты оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазір Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланған. Оның тұрған жерін анықтау бойынша қажет жедел-іздестіру шаралары кешені және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды