Қазақстандықтардың жағасын ұстатқан видео Маңғыстауда түсірілген болып шықты

Сурет: pixabay
Сарапшылар құстардың өлексесі бұзылып, ыдырап кеткен, сондықтан олардың неден қырылғанын анықтау мүмкін болмағанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Қуат Чумакаевтың сөзін келтіре отырып, сирек кездесетін құстардың қырылуына ауа райының қолайсыз жағдайлары себеп болғанын хабарлайды.

Сарапшылар қоқиқаздар қырылған орынға барып, ол арадан құстың бес өлексесін тапты. Сырттай тексеру кезінде құстарда оқ тиді дейтіндей із болмаған. Әлеуметтік желіде таралған видео 14 сәуірде түсірілген. Сараптама жүргізу мүмкін болмады. Ветеринария саласындағы сарапшылар қоқиқаздардың қырылуы қолайсыз ауа райына байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Яғни құстар әлсіреп, жақын маңда су қоймалары болмағандықтан, жазық далада осылай қырылып қалғанға ұқсайды. Қазір бұл іспен полиция айналысуда. Қуат Чумакаев

Бұған дейін Бейнеу ауданында бір бала далада қырылып жатқан құстардың өлексесіне тап келгені хабарланған болатын.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды