Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары жоғалған қызды тапты

Сурет: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Мерекелік іс-шаралар кезінде, 1 мамыр күні кешкі сағат 20:00 шамасында елорда саябағын патрульдеу кезінде адасып, үйіне жол таба алмай қалған 7 жасар қыз әскерилерге жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік топтың бастығы, аға сержант Бахтиёр Бәйтереков патрульдік қызметтегі Сапаралы Жұмабекпен бірге баланы саябақ аумағында орналасқан жақын маңдағы полиция бекетіне жеткізді.

Ата-анасының мән-жайын анықтаған полицейлер оларға телефон соғып, қызының жүрген жері туралы хабарлаған.

Қыздың жақындары әскерилерге рахмет айтып, Отанымыздың лайықты қорғаушыларын тәрбиелеп жатқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің қолбасшылығына алғыстарын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз