Алматыда жатақханадан өрт шығып, 48 адам баспанасыз қалды

Сурет: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Алматыда өрт салдарынан 48 адам баспанасыз қалды. Өрттен зардап шеккендер уақытша мектепке орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасы таратқан ақпар бойынша, тілсіз жаудың салдарынан тұрғындар бар мүлкі мен құжатынан айырылған. Өрт жалпы аумағы 200 шаршы метрді шарпыған. 12 қонақ бөлме қатты зақымданған.

Зардап шеккендердің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенше сыртқа өздері шығып үлгерген. Кейбіреулер екінші қабаттың терезесінен секіріпті.

Менің екі балам бар, біз екінші қабаттан секірдік. Құжаттарымды алып үлгердім. Екі бөлмелі пәтерді 50 мыңға жалдап келдік. Бар мүлкім су болды, пайдалануға жарамсыз. Барар жеріміз жоқ. Спорт залда тұрып жатырмыз. Айнұр Сафарова

Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қанат Әшірбековтің айтуынша, өрттен зардап шеккендер ыстық тамақпен және қажетті керек-жарақпен қамтылған.

Бірінші қабатта көлік жөндеу орталығы, екінші және үшінші қабатта тұрғын үй орналасқаны анықталды. Қазір құрылыстың құжаттары тексеріліп жатыр. Соның қорытындысы негізінде шешім қабылданады. Алатау ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Таубеков
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты