Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң түрде жазаға тартылды

Сурет: Zakon.kz
11 мамыр күні Шымкенттегі тергеу изоляторынан күдікті қашып кеткен. Оның қашқан сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тараған. Осыған байланысты тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң түрде жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр. Өңірдің Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады.

Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталып, қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 11 мамыр күні бұл изолятордан күдікті қашып кеткен. Ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Бір қызығы, күдіктінің уақытша ұстау изоляторынан қашқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Видеода көрсетілгендей күдікті абақтының ішінде емін еркін жүріп, еш қиындықсыз далаға шығып кеткен.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты