Ұлттық музей басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Сурет: primeminister.kz
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты халықаралық көрме өткізу бойынша бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл тергеу «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша жүрзігіліп жатыр.

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге болды.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік