GAP қаржылық пирамидасы: тағы бір «филиал» анықталды

Сурет: Zakon.kz
GAP тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының тағы бір «филиалы» бұл жолы еліміздің батысында анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
GAP тұтыну кооперативіне қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша аумақтық департаменті тергеп жатыр. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылы БҚО аумағында активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржы пирамидасы құрылған.

14 азаматқа келтірілген шығын көлемі шамамен 15 миллион теңге болды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі тағы да азаматтарды сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды.

Бұған дейін GAP қаржы пирамидасының Қостанай, Шымкент және Ақтөбедегі бөлімшелері жабылды.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты