«Президенттік құлақтандыру». Елорда тұрғындарына осындай хабарлама келіп жатыр

Сурет: pixabay
Кейбір ел азаматтарының телефонына келіп түскен «Президенттік құлақтандыру» - бұл ТЖМ-ның пилоттық жобасы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомства атап өткендей, ол азаматтардың ұялы телефондарына мәтіндік хабарламаларды (12-20 секунд ішінде) жедел таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл - SMS-хабарламалар арқылы халықты хабардар етудің балама шешімі. Оның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар (ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы және т.б.) туралы халықты уақтылы хабардар ету болып табылады.

Бүгін, 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында осы жүйе сынамалы түрде  іске қосылды. Халыққа «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық құлақтандыру»  хабарламасы келді. Жүйе шетелде әзірленген және осы хабарламалардың атауы тестілік болып табылады. Алдағы уақытта хабарламалардың атауы «112» деп ауыстырылатын болады.

Төтенше жағдай министрлігі бұл жүйе АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили және Литвада өзін оң жағынан көрсетіп үлгергенін баса айтады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін – Қаллеки театры шымылдығын ашқан күн

Сенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды