Павлодар облысында екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында ВАЗ-21213 көлігінің жүргізушісі екі адамды қағып кетті деген күдікке ілінді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болып, екіншісі жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 27 мамыр күні сағат 23:30-да «Ертіс-Северное» тас жолының 27-шақырымында (Ертіс ауданы Байзақов ауылының маңында) болған.

«ВАЗ-21213» автокөлігімен жүргізуші Mercedes-Benz көлігінің жанында тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 62 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан көз жұмды, ал 38 жастағы ер адам сынықпен ауруханаға жеткізілді. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер техникалық қызмет көрсету станцияларын, гараждар мен ауылдарды аралап, күдіктіні іздеуге кірісті.

Жүргізуші табылып, ұсталды. Бұл ауылдың 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қорқып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Көлік тұраққа қойылды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды