Референдумда сиясы өшетін қалам ұсынылғаны туралы фейк ақпарат тарады

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде референдумда бюллетеньдерді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылғандығы туралы ақпарат пайда болды. Бұл - фейк, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде 5 маусымда республикалық референдумда түсірілген деген ролик жарияланды. Видеода ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу өшіп кетеді. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай «өшіп қалатын» сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Шынтуайтында, бұл – фейк.

Шын мәнінде, жазуы жоғалып кететін видео ескі. Ол желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Қазақстанда да тараған. Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды Stopfake.kz.

 

Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды