33 500 доллар көлемінде пара алған: Алматы облысында тағы бір шенеунік сотталды

Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қалалық сотының үкімімен Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бастығы Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519» ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомсвто ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталғанын атап өтті.

Ал Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек