Қызылорда облысында аурухана есепшілері 14 млн теңгеден астам ақшаны ұрлаған

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысындағы аудандық аурухананың есепшілері 14 млн теңгеден астам ақшаны ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы қызметкерлерінің аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша істі ҚР Қаржылық монитринг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті тергеді.

Жаңақорған аудандық ауруханасының бірнеше қызметкері өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып, 2015-2019 жылдар аралығында өзара келісімге келу арқылы іс-сапар шығындарын ресімдеп, ірі мөлшерде қаражат жымқырған. Іс-сапарға бармаса да, құжат жасап, өз есеп шотына іс-сапар шығындары ретінде түсетін ақшаны аударуға және қолма-қол шешіп беруге келісім беретін аурухана қызметкерін тауып, банкомат картасына аударып, шешіп алу арқылы ірі мөлшерде мемлекет қаржысын иемденіп алған.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Тергеу барысында аудиторлық тексерулер, бірнеше комиссиялық сарапшылар қорытындысын негізге ала отырып, сот-бухгалтерлік сараптамасы тағайындалған.

Нәтижесінде «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына 14 млн теңгеден астам залал келтірілгені анықталды.

Сот аудандық ауруханада әр жылдарды қызмет атқарған М.Сатыбалдиева мен З.Шомантаеваны кінәлі деп танып, есепшілік және материалдық жауапкершілігі жүктелетін қызметтер атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, үшінші тұлға М.Бурисбаев 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді