Шымкентте бөтен үйдің ауласына кірген жылқы шұңқырға түсіп кеткен

Сурет: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Шымкент қаласының тұрғыны құтқару қызметінің 112 байланыс желісіне хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Қайнар бұлақ саяжайы Новостройка көшесіндегі тұрғын үйдің ауласындағы кәріз шұңқырына жылқы түсіп кеткен.

Шұңқырдың тереңдігі - төрт метр.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері мен бір техника аттанды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар мен арнайы техниканың көмегімен малды шұңқырдан қауіпсіз жерге аман-есен алып шықты. Жылқы аяғын жинай алмай біршама уақыт жатты.

Жыл басынан бері жедел-құтқару жасағы жануарларды құтқару үшін жеті шақырылымға барды. Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Ескерту: құтқару операциясы кезінде жылқының иесі табылмады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі