Алматы облысында 34 млн теңге сомасында мемлекеттік баж салығы бюджетке түспеген

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі төлқұжаттар мен куәліктер беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде мол қаражат жетіспейтінін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының екі ауданында 2019-2021 жылдар аралығында бюджетке 34,1 млн теңге сомасында мемлекеттік баж түспеген. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Ведомство мемлекеттік баж салығын төлеуден жалтару фактілері салық қызметі органдарының тексеру актілерімен расталғанын мәлімдеді.

Анықталған фактілер көші-қон қызметі қызметкерлерінің «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде өзге де тұлғалармен сыбайлас жемқорлық схемалары мен алаяқтық әрекеттердің бар екенін көрсетеді. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді