Түркістанда такси жүргізушілері таңға жуық жолда жалғыз жүрген қызды тауып алды

Сурет: pixabay
Такси жүргізушілері Қапланбек кентінің жанындағы Шымкент-Шыназ тас жолында 5-6 жастағы адасқан қызды тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 5 маусым күні таңғы сағат 04:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға такси жүргізушілері хабарласып, Қапланбек кентінің жанындағы Шымкент – Шыназ тас жолында 5-6 жастағы адасқан қыз баланың жүргенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары жедел түрде оқиға орнына шығып, кішкентай қызды полиция бөліміне жеткізді. Олар бүлдіршінді тамақтандырып, ата-анасы туралы сұрастырып, бірден оның туыстарын іздеуге кірісті.

Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасын іздеуге Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері мен ювеналды полиция тобының инспекторлары жұмылдырылды. Полиция жақын маңдағы аумақтарды аралап, сол аумақтағы тұрғындарға 6 жасар қыздың суретін жолдады.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Нәтижесінде жоғалған қызын суреттен таныған қыздың анасы аудандық полиция бөліміне келді. Белгілі болғандай, кішкентай қыз түнде үйден көшеге шығып, жоғалып кеткен. Полицейлер кішкентай қызды анасына табыстады. Тұрғын сарыағаштық полицейлерге алғысын білдірді.

Қыздың анасына қатысты жиналған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Сарыағаш аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз