Риэлторға 5,9 млн теңгесін санап берген өскемендік соңында сан соғып қалды

Сурет: Zakon.kz
Полиция бөліміне Өскеменнің 53 жастағы тұрғыны жүгініп, 5 900 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алған алаяқты жазалауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2020 жылғы 9 қарашада өзін риэлтормын деп таныстырған әйел барлық құжаттарды көрсетіп, жәбірленушінің сеніміне кіріп, баспана сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда келісімшартқа қол қойып, қомақты қаржы қолына түсісімен ол қоңырауларға жауап беруді қойған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу басталды.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі