6 айда жол апатынан 700 адам қаза тапқан

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда жол апатынан 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуығы түрлі дене жарақатын алған. Осыған байланысты министрлік азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде жол апатынан тәулік сайын 10-нан аса адам қаза табады. Оған қоса 70-ке жуығы түрлі жарақат алады. Хол апатынан зардап шегушілердің басым бөлігі –балалар мен 40 жасқа дейінгі азаматтар.

Жол көлік оқиғасының басты себептері – жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығып кету және жүргіншілер жолын байқамау, – дейді министрлік.

Министрлік азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауды ескертті, –деп хабарлады Qazaqstan ұлттық арнасы.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстановтың айтуынша, жылдамдықты және көліктер арасындағы қауіпсіз қашықты сақтау өте маңызды.

Мысалы, тыйым салынған жерден жүгіріп өтудің өзі сізге оңай болып көрінгенімен оның зардабы ауыр. Жылдамдық режимін сақтамау отбасы үшін қатерлі. Сондықтан жылдамдық режимін, автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды. Бұл апаттың алдын алуға көмектеседі.ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты