Алматыда Сайран көлінен бактерия – ішек таяқшалары табылды

Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Сайран су қоймасындағы су ауру тудыратын микро ағза анықталғандықтан ағызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сайран су қоймасынан алынған су сынамаларының талдау нәтижелерін жариялады. Лакто ішек таяқшалары нормасының деңгейінен асып кету жағдайы анықталды. Осыған байланысты Алматы ТЖД және СЭБД ұйғарымы бойынша су қоймасындағы суды толық көлемде ағызып жіберу туралы шешім қабылданды.

Қоймаға жаңадан су толтыру шамамен екі-үш күнді алады. Алматылықтар мен қала қонақтарын жақын күндері шомылудан аулақ болуларын сұраймыз. Ластану көзін анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық әкімдіктердің (Алмалы, Әуезов), полиция департаментінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, ТЖД және экологтардың мамандарынан жұмыс комиссиясы құрылды. Алматы қалалық СЭБД

СЭБД ақпаратына сәйкес, бұл кезеңде су қоймасының түбін биологиялық және химиялық тазартудың қосымша арнайы әдістерін қолдану қажет етілмейді. Ластану көзі анықталғаннан кейін және арнайы комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін Сайран сумен толтырылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды