Нұр-Сұлтанда құтқарушылар таудан құлаған жігітті эвакуациялады

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Тауға шыққан Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға бүгін, 4 шілдеде, сағат 16:47-де орын алған. 19 жастағы жігіт «Туфелька» деген атпен танылған тауға көтерілу кезінде абайсызда аяғы тайып, тау етегіне құлады.

Оқиға орнына құтқару бекеті басшысының мінетін атқарушы Максим Пономарев, бас құтқарушы Александр Попов және құтқарушылар Әлібек Айтжанов пен Евгений Ляхов аттанды. Олар зардап шегушіні зембілге салып, жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Эвакуациялау жұмысы қиынға соқты, өйткені жігіттің аяғы сынып, көптеген жерін жарақаттап алған. Құтқарушылар оны жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Қазіргі уақытта жас жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысы ТЖД таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады