Теңіз кен орнындағы жарылыс: ТШО басшылығы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Сурет: видеодан скриншот
«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі компания басшылығы атынан Теңіз кен орнындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылыс алаңында Senimdi Kurylys мердігер компаниясы мен оның мердігер ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен гидравликалық сынау кезінде қысым түсіп, салдарынан мердігер компанияның үш қызметкері жарақат алып, екеуі қаза тапты. Зардап шеккен жұмысшылар дереу ТШО ауруханасына жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.

Мердігер ұйымның басшылығы заңнамаға сәйкес тиісті мемлекеттік органдарды хабардар еткен.

6 шілде күні таңертең Атырау облысында Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек