Полициядан қашпақ болған жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 10:49 Фото: Zakon.kz
Қостанайда Volkswagen Passat жеңіл автокөлігі мен жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден түсірілген видео тарады. Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 25 қазан күні кешке болған.

"Сағат 21:10 шамасында жеңіл автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабын елемей, қозғалысын жалғастырған. Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобуспен соқтығысқан", – деп хабарлады полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан Volkswagen жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Апат кезінде автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген. Ал "Наша газета" басылымының мәліметінше, бес адам ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланған еді. Кейін апатқа қатысушылардың бірінде жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: